рдинамикалық
- индукциялық
- ферродинамикалық
- түзеткіш
Дәлдік сыныбына байланысты
Дәлдік сыныптары:
0,05; 0,1; 0,2; 0,5; 1; 1,5; 2,5; 4
Эксплуатация жағдайына байланысты
Топтар:
А- құрғақ жылы бөлме үгһшін
Б- жабық жылытылмайтын бөлмелер үшін
В- дала, су жағдайларына арналған
Г - тропикалық климат жағадйына
Механикалық әсердің тұрақтылығына байланысты
Кәдімгі құралдар, дірілге берік, соққыға берік
Ток пен кернеуді өлшеу
Ток пен кернеуді өлшеу үшін әртүрлі жүйелі өлшеуіш аспаптар - амперметрлер мен вольтметрлер қолданылады. Мөлшері кіші токтарды өлшеу үшін гальванометрлер, микроамперметрлер, миллиамперметрлер, ал мөлшері аз кернеулерді өлшеу үшін милливольтметрлер, микровольтметрлер қолданылады. Амперметрді жүктемеге тізбектеп қосқанда ол өлшенетін тізбектегі токқа әсерін тигізбеуі керек. Сондықтан оның кедергісі энергия қабылдағышының кедергісінен аз болуы тиісті. Амперметрдің кедергісі аз болса, ол тұтынатын қуат та аз болады. Тізбекке қосылған вольтметр өлшенетін кернеуге әсерін тигізбеуі керек, сондықтан қабылдағыштар кедергісіне параллель қосылған вольтметр кедергісі, қабылдағыштар кедергісінен үлкен болуы керек. Үлкен мәнді вольтметр кедергісінде ток мөлшерлі болады, сондықтан ол тұтынатын қуат та аз.
Өлшеуіш аспаптардың өлшеу шегінен үлкен мөлшердегі ток пен кернеуді өлшеу үшін тұрақты ток тізбегіндегі шунттар мен қосымша кедергілер қолданылады, ал айнымалы токта - өлшеуіш ток немесе кернеу трансформаторлары қолданылады.
Егер амперметрден шкала шегінен асатын токты өлшеу керек, онда апмертерге параллель шунт қосады. Шунт жүктемемен тізбектеле қосылады да, ал амперметр шунтқа параллель қосылады. Шунт деп отырғанымыз жуан константан немесе манганиннен жасалған жалпақ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>