бес бұрышты жұлдыз - елтаңбаның тәжі, жол нұсқайтын жарық жұлдызы.
Жүргізуші: Елбасымызға арнап дайындаған бүлдіршін қыздарымыздың "Шашу биін" тамашалаңыздар.
Жүргізуші: - Қане, балалар, елордамыз Астана қаласына саяхат жасап қайтайық. (Фотосюжет).
-Балалар, Астана - ол бас қаламыз. Астанамыз қазір үлкейіп, өркендеп келеді. Көшелері кең. Астанада Президенттің сарайы бар. Ол "Ақорда" деп аталады. Президент Н. Назарбаев сол жерде қызмет істейді, шет ел қонақтарын қабылдайды. Астанада әсем, биік үйлер салынып жатыр, Астанамыз көркейіп келеді.
Жүргізуші: Келесі кезекте "Атамекен" әні, хор.
Жүргізуші: Балалар, шаршап кеткен боларсыңдар, бір сергіп алу үшін алма бағына саяхат жасайық. Алма ағашын көріп тұрсыңдар. Мұндағы алмаларды теріп алып, сұрақтарға жауап беріп көрейік.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы жауап бердіңдер! Мекемеміздің бүлдіршіндерінің шағын флэшмобын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Елбасымыз биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын, - деп, шағын видеороликті тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Халқым айтқан, жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан, ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасым, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын! Көгімізде көк туымыз мәңгі желбірей берсін! Осымен "Елбасы - елдің тірегі!" атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тамашалағандарыңызға көп рахмет! Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Страницы: << < 1 | 2 | 3