ытты елміз. Елбасымыз өз елінің қамы үшін, тағдыры үшін көптеген істерді жүзеге асырып, атқарып келеді. Біздің республикамыздың президенті-Нұрсұлтан Назарбаев.
Жүргізуші: Балалардың Президентімізге арналған тақпақтары бар екен. Қане, балалар тақпақтарыңды айта қойыңдар.
Мират: Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Бейбарыс: Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Д. Кәусар: Жиырма жылдай еліңді,
Сүріндірмей келесің.
Ес білгелі естіледі,
"Нұрсұлтан" деген ер есім.
Айзере: Елбасым, Елбасым!
Айбарым, Ардағым!
Елбасым, Елбасым,
Ойлаған Халқының арманын.
Мейрамбек: Анадан туар Алыптар,
Ана тіл деген қалып бар!
Уызбен құйған мәйегін,
Мырза мен Әлжан Аналар!
Несібелі: Сенің атың Нұрсұлтан
Туған елің Қазақстан
Мен Сізден үлгі алам
Қазақстаныммен мақтанам!
Бақдәулет: Даңғыл жолды салып берер, Нұр аға
Енді халқым ешқашанда құлама
Барлық жерден жиып-теріп қазақты,
Халқы үшін, жанын салған ғұлама.
Ә. Кәусар: Ел бағына туылған,
Ұлтқа ұран, ту болған,
Халқы патша сайлаған,
Нұрлы Сұлтан - Нұрсұлтан!
Жүргізуші: - (Слайд көрсетіледі)Балалар, мынау біздің еліміз - Қазақстан Республикасының Туы. Туымыздың түсі қандай екен? Тудың бетінде қандай сурет бейнеленген? Олар қандай түсте? (Балалардың жауабы)
- Ал, мынау біздің еліміздің мемлекеттік Елтаңбасы. Балалар елтаңбадан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар? (Балалардың жауабы)
- Жарайсыңдар! Балалар, шаңырақ - бірлікті, татулықты білдіреді, қанатты тұлпар - қажымас қайраттың, жеңіске деген жігер, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі, жақсылықтың белгісі. Ал,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>