Елбасы-ел қалауы, тірегіміз!

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Елбасы-ел қалауы, тірегіміз!
Садағаң кетейік, айналайын халқым!
Сенің мүддең жолында бойдағы қуат,
Ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін.
Н. Ә. Назарбаев.
Сенім де талай түсті-ау сергелдеңге,
Сын аз ба халыққа серт берген Ерге.
«Елім» деп шырқыраған Өзіңізді
Ұқсатам Күлтегіндей кемеңгерге, - деп белгілі ақын Жадыра Дәрібаева жырлағанындай, әлем картасынан ойып орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға.
«Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол» , - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, қарапайым қазақ отбасында туып - өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы, Ұлтжандылығы еліміздің ертеңі, жас ұрпақ үшін, өнеге. Адамзат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанамын да, мақтанамын да!
Сонау Күлтегін, Тоныкөктей даналардан бастап, Әл – Фараби, Дулати, Әз – Жәнібектерден Тәуке ханға дейінгі ел басқарудың дәстүрлі жолдарын жете меңгерген тұлға деп бүгінгі замандастары ерекше бағалаған жан – Нұрсұлтан Әбішұлы.
Теледидардан ана тілінде, орыс тілінде бірдей ағылтып сөйлеп, Әл – Фараби, Қожа Ахмет Яссауи трактаттарынан үзінді оқып, тебірене жырлар жазуы Елбасымыздың ақынжандылық қырынан сипат берген емес пе?!
Абылай салған ақ жолмен азат Қазақстанды болашаққа бастап келе жатқан бүгінгі берекелі күнге де оңайлықпен келмегеніміз және де қазақ халқының қаншама жылдар, ғасырлар бойғы ұлы арманы – тәуелсіздікке ХХ ғасыр соңында қантөгіссіз, дау – жанжалсыз қол жеткізгені әлемге аян. Айналадағы өзге мемлекеттерге, кешегі бауырлас делінген одақтас республикалардағы соғыстар, қантөгістер күні бүгін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: