ейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында. »-деп атап көрсеткен болатын. Сонымен бірге Елбасы Н. Ә. Назарбаев:«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»деген болатын. «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдауы – біздің болашағымыз үшін айқын мақсаттардан туған өміршең ұсыныс деп білемін. Әрі осынау кезең – кезеңге бөлінген стратегияның болашақ іске асырушысы екендігімді мақтаныш етемін.
Экономикалық, әлеуметтік дамуға қол жеткізіп, ТМД көлемінде көптеген көрсеткіштер жөнінен алға шығуымыз Елбасының сындарлы саясатының жемісі екені даусыз. Әрбір жылды қоғамымыздағы өзекті бір салаға арнап келе жатқаны көкейге қонады.
«ХХІ ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін», - деп атап көрсете отырып, Елбасы мынадай ой – түйіндерді де жас ұрпақтарға аманаттап отыр: «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ. Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!». Бұл әрі сабақ, әрі ащы шындық екені рас.
Өзін өз ұлтына, барлық қазақстандықтарға ақыл – парасатымен, білімдарлығымен сыйлата білген Нұрсұлтан Әбішұлының халықаралық деңгейдегі беделінің зор екендігі де күнделікті ақпарат көздерінен айқын сезіледі. Елбасымыз арқылы күллі әлем Қазақстанды тани түсуде. Елбасының шетелдерге әрбір сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей ел қамы екені даусыз.
«Тәуекел болма
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>