Сабақтың тақырыбы: Екпін, оның түрлері
Жалпы мақсаты: Екпіннің өзіндік ерекшелігін түсіндіре отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне білдірту, екпін түрлерін ажырата білгізу. Фонетикалық білім дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылардың фонетикадан алған білімдерін дамыту, үндестік заңына сай орфографиялық, орфоэпиялық сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Модульдер:»Сын тұрғысынан ойлау», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту »
Сабақтың стратегиялары: «Блиц турнир», «Конверттегі сұрақ», «Адасқан ақпараттар»
Бағалау: Түрлі стикерлер, бағалау парақтары.
Ресурстар:Оқулық, проектор, флипчарт, маркер, түсті бояулар, қарындаш.
Кіріспе бөлімі: Оқушыларды психологиялық дайындау. Өзін -өзі реттеу.
Мұғалім іс-әрекеті:
Оқушыларды психологиялық дайындау. «Ыстық алақан» тренингін ұйымдастыру.
Орындарынан тұрып сәлемдеседі жылы қабақты сезеді. Ортада шеңбер құрып бір-бірінің алақанын ұстап жылы лебіздерін білдіреді
Гүлдер арқылы 3 топқа бөлу.
Оқушының іс –әрекеті:
Оқушылар бір- біріне сәттілік тілейді. Оқушылар берілген суреттерді алып, топтарға бөлінеді.
І. Қызығушылықты ояту. «Миға шабуыл»
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Үй тапсырмасы
Тақырыпқа байланысты топтарға «Блиц- турнир» сұрақтарын беру:
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстардың саны қанша?
4. Фонетикада неше дыбыс, неше әріп бар?
5. Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс қай қандай?.
6. Тілдің қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
7. Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
8. Буын деген не? Қандай түрлері бар HYPERLINK "http://clk. recreativ. ru/go. php?clkaWQ9Mzk4MTYmdGlkP
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>