Эффективность использования элементов проблемной технологии обучения

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

еді. Өз беттерімен, өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.
Мысалы: "Трансформатордың жұмыс жасау принципі" тақырыбын өту барысында оның құрысы, жұмыс жасау принципі толығымен зерттеледі. Трансформатордың бірінші орамы айнымалы кернеу көзіне жалғанған, ал екіншісі жүктемесіне. Ал оның бойымен ток жүреді. Неліктен? Олар бір-біріне жалғанбаған деген проблемалық сұрақ туындалады.
"Электр тоғының жұмысы, қуаты және энергиясы" тақырыбын оқу барысында эксперимент жүргізіледі. Мұнда мынадай проблемалық сұрақтар пайда болады.
1. Қандай жағдайда шамда көп энергия бөлінеді?
2. Қандай жағдайда электр тоғы көп жұмыс атқарады?
"Ом заңы" тақырыбын зерттеу барысында электр тізбегін қарастырамыз. Ол ток көзі, шамдар, амперметр, вольтметр, реостаттан тұрады. Реостат арқылы өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өзгертеміз. Бұл жағдайда амперметрдің көрсеткіші өзгереді. Проблемалық сұрақ. Неліктен амперметрдің көрсеткіші өзгерді? Мүмкін ток күшімен кернеу арасында тәуелділік бар болар? (Гипотеза).
Пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында бағалау жүйесі жасақталады.
Бағалау жүйесі - балдық жүйе арқылы жүргізіледі. Мұнда қойылған ситуациялық сұрақтардың мазмұны, күрделігі, сапасы ескеріледі.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде мынадай қорытындыға келдім:
oo Студенттер теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіне ие болады;
oo Зерттеу тобының білім деңгейі жоғары болады;
oo Өз бетімен жұмыс жасауы, пәнге қызығушылығы артады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Оконь В. Основы проблемного обучения. - М. :Просвещение, 1968
2. Лернер И. Я. Вопросы проблемного обучения на Всесоюзных педагогических чтениях. Советская педагогика, 1968. 7
3. Махмутов М. И. Проблемное обучение.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: