қ оқытудың алғашқы кезеңі.
Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!" деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.
Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі - оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемаларды міндетті шешуге дайын тәсіл.
Проблемалық ситуацияны шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі.
Тәжірибемде проблемалық оқыту технологияларының элементтерін көп пайдаламын.
Зерттеу жұмысының мақсаты: арнайы пәндерді жүргізу барысында проблемалық оқыту технологиясының элементтерін қолдана отырып студенттердің өзіндік ойлауына, топтық жұмыс жасауға, ізденіске бағыттау, білімді өз беттерімен алу, пәнге қызығушылығын арттыру болып табылады.
Зерттеу пәні: Электротехника
Зерттеу объектісі: ЭҚ-11 тобы
Осы орайда туындаған міндеттер: проблемалық жағдай туындату, проблема қою,ситуациялық сұрақтар жүйесін жасақтау; студенттерді бағалау жүйесін жасақтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін ЭҚ-11 тобына "Электротехника" пәнін оқытуда, үй тапсырмасын сұрау барысында, жаңа сабақты жүргізу барысында тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар қойылды. Студенттер қойылған мәселені шешу үшін, талдау жүргізіп және оның шешу жолын іздеуге кірісті. Оған қажетті мәліметтер жинақтады. Проблеманың шешу жоспары құрылды. Студенттер проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды шығару тәсілдерін, амалдарын іздестір
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>