ерінің орны бар. Халықтың рухани әлемін дамытатын мұғалім, оқытушы, дінтанушы мамандықтарының орны бөлек.
Топтарға сұрақ.
1. Мамандыққа сұранысты кімдер анықтайды?
2. Зерттеушілердің болжамы бойынша болашақта қандай мамандық иелеріне сұраныс көбейеді?
3. Ол неге байланысты?
Жазылым. Мәтіннен кейінгі жұмыс
Тапсырма арқылы саралау:
А. "Ақпараттық ақауды толтыру" әдісі. Сөйлемдерде бос тасталған орындарға тиісті тірек сөздерді орналастырады.
Мысалы:
. . . барлығы пайдалы. Қоғамда түрлі мамандықтарға . . . бар.
Рухани әлемді дамытатын мамандықтың бірі - . . . . Бүгінгі таңда сұраныс бойынша екінші орында тұрған мамандықтар . . . , . . . .
В. "Реттілікпен орналастыр" әдісі. Жекелеген сөздерді ретімен орналастыру арқылы сөйлем шығарады.
Мысалы:
1. барлық, пайдалы, мамандық
2. бар, түрлі, сұраныс, қоғамда, мамандықтарға
3. дамытатын, рухани, бірі, дінтанушы, мамандықтың
4. зерттеушілердің,бойынша,болжамы,инженерлерге,жақын, болашақта,көбейеді,сұраныс.
Сергіту сәті. "Көңілді күн"
Қалыптастырушы бағалау. Сабақтың соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілеп, түсіндіреді:
Кері байланыс.
Оқулық, аудиотаспа
Түрлі түсті қарындаштар, маркерлер, тақырыпқа қатысты суреттер
Сабақтың соңы
Рефлексия. Білім қоржыны.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін желімқазаздарға жазып,қоржынға жабыстырады.
Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы
9-тапсырма беріледі. Мәтінге сүйене отырып,өзің үлгі тұтатын адам жайлы мәтін құра. Сұрақтарға жауап бер.
Оқулық, ғаламтор ресурсы, флипчарт, маркерлер
Қосымша ақпарат
Рефлексия
Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізд
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>