Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу іс-әрекеттің тақырыбы:Сауат ашу
Тақырыбы: Ұ дыбысы және әрпі.
Мақсаты: Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.
Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа әдемі жазуға үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Құралдар:суреттер,кеспе әріптер,буындар.
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Жұмбақ жасырылады:
Шыр айналып биші қыз,
Билеп-билеп алады.
Өз бұрымын беліне,
Орап түсіп барады.
Ұршық сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Жұмбақты шешуге атсалысады.
--Ұршық.
Ұйымдастыру
шылық -іздестіру
Тіл ұстарту жаттығуы.
Ұс-ұс-ұс
Қарлығаш киелі құс.
Дәптермен жұмыс.
Ұя,құдық, бұзау сөздеріне дыбыстық талдау жасау,ондағы ұ дыбысының орнын ажыратқызу. Балалардың өздеріне ұ дыбысының сөздің басында,ортасында,аяғында келетін сөздерге мысал келтірту. Дәптердегі буындарды,сөздерді оқыту. Үлгі бойынша Ұ дыбысының кіші және бас әріпін бастырып жазады. Торкөздегі ұ дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап,суретті қайталап салады. "Сөйлем құра" тапсырмасын орындайды.
Суреттерге қарап дыбыстық талдау жасау. Ұлу,ұя,бұғы,ұршық.
Үзік сызықтарды қос. Буындап оқы.
Ұ-лу,ұ-я,бұ-лан,сұр.
Ұр-шық,құлан,құр.
Жаңылтпаш жаттау.
Тұз-мұздай,
Мұз-тұздай.
Талап-тұлпар,
Білім-сұңқар.
Сергіту жаттығуы:
"Ұшты-ұшты"ойыны.
Ұшты-ұшты қарға ұшты. (балалар қарға сияқты ұшады)
Ұшты-ұшты етік ұшты. (қолдарын көтеріп ұшпақ болған бала айыбын өтейді)
Балалар қайталайды.
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Ұ дыбысының сөздің басында,аяғында,ортасында келетін сөзд
Страницы: 1 | 2 > >>