Дыбыс. Нота сауаттылығы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

қозғамаса өзінен өзі дыбыс шығарылмайды, ал оны қозғау арқылы пайда болған дыбыс толқыны адамның есту жүйкесі арқылы қабылданады. Табиғатта адам еститін дыбыстың көптеген түрлері бар, бірақ олардың барлағы бірдей музыкалық дыбыс бола алмайды. музыкалық дыбыс шулы дыбыстарға қарағанда өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді.
Дыбыс қасиеті дегеніміз-оның физикалық ерекшелігі, дыбыс тербелісінің жиілігі, ұзақтығы,амплитудасы және тербелістің құрамы. Дыбыстың физикалық қасиетінің айнасы-біздің дыбыс сапасын сезінуіміз. Дыбыс сапасына жоғарлылығы, ұзақтығы, күші, үні жатады. Дыбыстың жоғарлылығы дыбыс тербелісінің жиілігіне байланысты. Дыбыс тербелісі неғұрлым жиі болса, соғұрлым жоғары, неғұрлым сирек болса соғұрлым төмен дыбыс шығарады. Сондықтан дыбысты екі топқа бөлуге болады.
Нақты жоғарлылықты көрсететін дыбыстар;
Нақты жоғарлылықты көрсетпейтін дыбыстар;
Нақты жоғарлылықты көрсетпейтін дыбыстар шулы дыбыстар.
Музыкалық жүйеге 7негізгі дыбыстар До,ре,ми,фа,соль,ля,си. Фортепиано аспабында олар ақ басқыш бойынша орналасқан. Негізгі дыбыстардың бірінен кейін бірі орналасуы дыбыс қатарын құрайды. (гамма. ) Латын санауы бойынша музыкалық басқыштар төмендегідей аталады.
І Прима
ІІ Секунда
ІІІ Терция
ІҮ Кварта
Ү Квинта
ҮІ Секста
ҮІІ Септима
Октавалар
Әр дыбыстың келесі бір жоғарылықта қайталанып келу аралығын ОКТАВА дейміз.
Музыкалық жүйе 9 октаваға негізделген. Сонымен фортепианода ең төменгі дыбыстардан бастап 1Субконтроктава(толы емес),2 Контроктава, 3 Үлкен октава, 4 Кіші октава, 5 Бірінші октава, 6 Екінші октава, 7 Үшінші октава, 8 Төртінші октава, 9 Бесінші октава (Толық емес)
Негізгі жеті дыбыс латын алфавитінің әріптері бойынша До-С, Ре-D, Ми-E, Фа-F, Соль-G, Ля-A, Си-H белгіленеді.


<

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: