І дыбыс мен әрпі презентация

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

1 желтоқсан - Президент күніне арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елін сүйген Елбасы.
Мақсаты:
1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру
2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Н. Ә. Назарбаевтың қанатты сөздері.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
ІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім:
Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Мұғалім:
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші, Атамыз.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған "Елін сүйген Елбасы" атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевқа бұйырған екен.
-- Н. Ә. Назарбаев кім?
1. балалар: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
М

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: