Дуалды оқыту жүйесінің негізі - теория мен тәжірибиені сапалы ұштастыру
Баданова Хадиша Жалгасовна
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі
Еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қаркынымен өсуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер мен талаптар жүктелеліп отырғаны белгілі. Солардың бірі дуалды оқыту жүйесін енгізу борлып табылады. Заман талабына сай біздің колледж де оқыту жүйесіне дуалды оқыту жүйесін енгізіп отыр.
Дуалды жүйенің негізі оқу орны мен өндірісте қатар оқыту болып табылады. Бұл техникалық және кәсіптік білім берудегі басты мәселе - оқу орнындағы теория мен заманауи өндіріс практикасы арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Дуалды оқытуда теория мен практиканың өзара байланысы принципі жүзеге асырылады, мұның өзі болашақ маманға кәсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті біліктілікке ие болуға көмектеседі. Мұндай оқыту өндірістің нақты сұраныстарына барынша жақындатады да жұмыс берушілер дайын мамандарға ие болады. Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру, яғни, жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасында алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету бұл
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>