Дуалды оқыту жүйесінің негізі – теория мен тәжірибиені сапалы ұштастыру

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

жетістікке қол жеткізудің кепілі.
Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың басты мақсаты - "Қоғам және экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұранысына сай, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыра отырып, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғырту" болып бекітілді.
Дуалды жүйе бойынша білім алып жатқан жастар қазірдің өзінде теориялық білімдерін өндіріспен ұштастырып, жақсы нәтижеге қол жеткізуде. Яғни дуалды оқыту жүйесінің ерекшелігі сол, теория мен практиканы біріктірген бұл жүйе бойынша болашақ жұмысшылар оқу уақытының 70-80-ын өндірісте, қалған 20-30-ын оқу мекемесінде өткізеді. Мұнда білім алушылар білім мен шеберлікке бірдей баулынады.
Ең бастысы, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады. Дуалды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен заманауи өндіріс тәжірибесі арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Дуалды оқытуда теория мен тәжірибенің өзара байланыс принципі жүзеге асырылады, мұның өзі болашақ маманға кәсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті біліктілікке ие болуға көмектеседі.
Дуалды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі - еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.
Қазіргі кезеңде дуалды жүйемен оқытудың жетістіктері мынада: біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған білім алушы жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.
Екіншіден, жақсы білімді, болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тә

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: