Дәрумендер

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

/>Балалар:Жоқ.
Дәрігер:Сендердің көңіл күйлерің, денсаулықтарың да жақсы екен. Сендер таза ауада көп серуендеп, түнде жақсы ұйықтағандарың көрініп тұр. Деніміз сау болу үшін тағы не істеуіміз керек?
Балалар:дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек.
Дәрігер:Сендер қандай сергіту жаттығуларын білесіңдер? Маған көрсетіңдерші?
Сергіту жаттығуы:
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар атысып ойнаймыз,
Су өтер қолғаптан.
Тәрбиеші:
Дәрігер сендерге жапсыруды аяқта деген тапсырма бергісі келіп тұр, сол тапсырманы орындайық.
Ал дәрігер апай, біз сізге жұмбақтар жасырайық.
Жания:Қалың киінгенді ұнатады,
шешіндірсең жылатады. /пияз/
Мирас:Бірінші туратады,
Екінші жылатады /Пияз/
Тәрбиеші:Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты.
Ол не? /Пияз/
Дәрігер:Балалар, пияз туралы көп жұмбақтар біледі екенсіңдер, пиязды азық ретінде қолданады. Пиязда медицинада дәрі ретінде қолданады. Пиязды жесеңдер ауырмайсыңдар.
Тәрбиеші: Пияз денсаулыққа пайдалы дейсіңдер , ал ,балалар тәтті денсаулыққа пайдалы ма?
-Балалардың жауаптары.
Тәттіні көп жеуге болмайды, көп жесек бізге қандай зияны бар?
Балалар:Бетіміз қызарады, тісіміз түседі, жүрегіміз айниды.
Тәрбиеші: Балалар тәттіні көп жесеңдер тамаққа тәбеттерің болмайды, тағамды тауысып ішпеген баланың денсаулығы да дұрыс болмайды.
Қорытындылау: "Логикалық ойын":Не артық?"Балаларды мадақтау,дәрумендер туралы тағы бір рет қайталап өту.




Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: