br/>Ұраға салып қоярсың.
Мен мақтаншақ картоппын
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Пияз (Зере):Егер картоп өзін-өзі пайдалымын, бәріне қажетпін десе онда менде мақтанайын. Босқа қарап тұрамын ба!
Менсіз астың дәмі жоқ,
Күлдіре алмаймын, жылайсың.
Ащы болсам да мені,
Базардан жиі сұрайсың.
Түшкірсең, пысқырсаң
Мен шипа боламын.
Сәбіз (Жанерке): Мен де де бар дәрумен, салатқа да қосады, тағамға да қосады.
Сары дәмді, ұзынмын,
Жер астына тығылдым.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласың,
Тамаққа да саласың.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласың.
Өрік(Дильяра):Мен жарықты, жылуды жақсы көремін, менің құрамымда йод көп.
Мен өрікпін, өрікпін,
Бақшамызға көрікпін.
Қара деген атым,
Менен де дәм татыңдар.
Дәрі орнына жүретін,
Кейде менің қақым бар.
Алма(Ерасыл):Менің жер шарында көп түрлерім бар, менің құрамымда "А", "В", "С", "Д" дәрумендерім бар. Мені көп жесеңдер ауырмайсыңдар.
Нарттай қызыл алмамын.
Мәз болады алғандар,
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Барлығы:Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз.
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз.
Тәрбиеші:Барлығыңда дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметке,
Дастарханның сәнісіңдер.
Тәрбиеші:Балалар, бүгін бізге дәрігер апай келіпті, балабақшадағы топтарды аралап денсаулығын тексеріп жүр екен.
Дәрігер:Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:Сәлеметсіз бе дәрігер апай!
Дәрігер:балалар қазір қыс мезгілі, тұмау жүріп жатқан кез, өздеріңді қалай сезінесіңдер?
Балалар:Жақсы.
Дәрігер:Балалар сендердің топтарыңда ауырып қалған балалар жоқ па?
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>