Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. 
Білім беру саласы: "Денсаулық" "Таным" 
Бөлімі: Өзін-өзі тану. 
Тақырыбы: "Достық неден басталады?". 
Мақсаты: "Дос", "достық" құндылығы туралы түсіндіру. достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету. Достаса білуге тәрбиелеу. 
Билингвальдық компоненті: дос - друг, достық - дружба,
 үш - три, жолдас - товарищ. 
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеп - 
талаптану
Шаттық шеңбері. 
- Амансыңдар ма, достарым!
Мен сендерді шаттық шеңбері-не шақырамын. Бір-бірлеріңе қолдарыңды созып, шын жү-ректен мынадай сөздермен сәлемдесейік
Сәлеметсің бе, - Айнұр
Мен сенің досыңмын. Сәлеметсің бе, - Әділ?
Мен сенімен достасқым келеді. 
Ұйымдастырушылық ізденіс
- Балалар, "өзін-өзі тану әлемін-ің" картасындағы үшін-ші аялдамаға назар аударайық. 
Суреттен не көріп тұрсыңдар? Кәне, осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырайық. 
Біз осы "өзін-өзі тану әлемінің" "Достық" аялдама-сында дос, достық туралы бі-ліп, бір-бірімізбен достасуды үйренеміз. 
Ал, сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, достық дегеніміз адамның ара-сындағы сыйластық. Достар бір-бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Топтағы барлық бала бір-бірлеріңмен доссыңдар. 
Тәрбиеші: "Үш жолдас" әңгімесін айтып берейін. 
Үлкен үзілісте барлық балалар тамақтанды, ал бір бала шетте тұрып қалды. Ол бала ертеңгі асын жоғалтып алыпты. 
- Сен неге тамақ ішпей тұрсың? - деп сұрады баланың бір жа-қын жолдасы. Ол ертеңгі асын жоғалтып алғанын айтты. Сен тамағыңды қайда жоғалтып алдың?
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
