Достарыма арналған үй

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

тұратын үйлері жоқ екен. Не істейміз? Оларға көмектесіп үйшік салып береміз бе?
oo Жарайсыңдар!
Билингвалдық компонент: ит-собака, мысық - кошка, достар - рузья, үйшік - домик
2. Негізгі бөлім/оснавная часть:
Жұмбақ
Ырылдайды, үреді,
Үй маңында жүреді.
Иесін ол біледі,
Бөтен біреу келсе егер,
Үріп белгі береді. (Ит)
Мақал
Ит-адамның досы
Жұмбақ
Түссе күннің шуағы,
Көзін жұмып алады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады. (Мысық)
Иттер - ең сақ және адал достар. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар бізге қызмет етеді, үйді күзетіп, қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады.
Мысықтар адаммен бірге өмір сүреді, тышқан ұстайтын пайдасы бар. Мысықтың да неше түрлі тұқымы болады.
Ойын : Жұмсақ модуль (үйді құрастыр)
Шарты: төрт бөлікке бөлінген жұмсақ модульден үйдің суретін құрастыру.
Көрсету және түсіндіру.
Үлестірмелі материалдарға назарларын аударады, жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
-Үйшіктің шатырын қандай пішіннен жасаймыз?
-Ал негізін ше?
-Үйшіктің тағы несі болады?
Балаларды қауіпсіздік техникасының жөн-жосығымен, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін таныстырады.
1. Жұмыс істегенде тек өз үстеліңде отыруға міндеттісің
2. Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.
3. Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды.
4. Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды
5. Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып, құлап кетпейтіндей берік қою керек.
6. Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап, жинастыру қажет.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Жеке жұмыс: Сара мен Нұрасылға желімді қылқаламға ұқыпты жағуды, қайшыны дұрыс ұстауды үйретемін.
Сергіту сәті
Мысығым, тұршы,
Айнаға қарашы,
Шашыңд

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: