Дос болам десен

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

абиғатпен дос болып,
Жайнай берсін даламыз. Қамқорлықпен қараймыз!
Балалар, мына жерде бір қонжық ойнап отыр. Оның жанына түлкі келеді:
Сәлем, қонжық!
Сәлем түлкі!
Сенің ойыншықтарың көп екен.
Иә, бұл менің ойыншықтарым.
Екеуміз бірге ойнайық. Бір машинаңды маған берші.
Мә, ойна.
Қонжық машинасын береді, бірақ түлкі ойнап жатқан кезде қызғанып қайтадан алып қояды:
Әкел, мен өзім ойнаймын.
Ендеше, мен сенімен ойнамаймын. Түлкі ренжіп кетіп қалады. Қонжық жалғыз ойнап отырып жалығады. Ол әдемі ойыншықпен ойнап отырып көжекті көреді.
Келіп көжектің ойыншықтарын тартып алады;
Маған бер, мен ойнаймын.
Көжек:
Бұл менің ойыншығым ғой.
Ойыншығың маған ұнады, енді мен ойнаймын.
Қонжық , екеуміз кезекпен ойнайық.
Жоқ бермеймін. Қонжық өзі ойнай береді, көжек жылап үйіне келеді. Осы жерде балаларға мынадай сұрақтар қойылады:
Балалар, қонжық дұрыс істеді ме?
Қалай ойлайсындар, қонжықтың достары бар ма?
Дұрыс айтасыңдар, балалар . Достар бір - бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Досың болған қандай жақсы! Досың әрқашан да көмектеседі, жыласа - жжұбатады, қуансаң - сенімен бірге қуанады. Ал қазір бәріміз бірге "Достармен бірге" әнін орындайық.
Рахмет балалар ! Әрқашан күн нұрын бізге төге берсін. Достығымыз жарасып, бақытты болайық.




Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: