Сабақ жоспары
Пәні: Негізгі аспап (сырнай) және қосымша аспап (домбыра)
Күні: 16. 02. 2017
Тобы: СБ -215,т СБ-305, СБ-415
Сабақтың тақырыбы: Домбыра және сырнай аспаптарындағы ансамбль үндестігі.
Сабақта қарастырылатын құндылық: Ақиқат
Қалыптастыратын қасиеттер: Жауапкершілік, сүйіспеншілік,өзін - өзі басқара білу,ізденімпаздық.
Сабақтың типі: Білім,білік,іскерлік дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Кіріктірмелік
Сабақтың мақсаты: Студенттерді ансамбльдің үндесіп ойнауға үйрету әдістемелік тұрғыдан бағыт, бағдар беру, аспапта ойнау шеберлігін ұштау.
Сабақтың міндеттері:
1. Білім берушілік: Музыкалық аспаптардың адам өміріндегі алатын орны туралы түсіндіре отырып білімдерін жетілдіру.
2. Тәрбиелік: Аспапта ойнау арқылы студенттердің ансамбльге деген қызығушылығын арттыра отырып, сыйластыққа, ұйымшылдыққа,уақытты тиімді пайдалануға,оны әрдайым жоғары бағалай білуге тәрбиелеу. . Дамытушылық: Музыкалық білімдерін толықтыру,дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал жасау. Музыкалық шығармалар арқылы есту, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекіліктері: Проектор, музыкалық аспаптар, Домбыра және сырнай жинағы
Әдебиеттер: Онегин "Школа игры на баяне"Жусупова. А. Е. Булекеева. Н. С "Домбыра және сырнай жинағы"
Әдістері: Үндестікте ойнау, түсіндіру, көрнекілік, мәнерлі орындау,сұрақ-жауап,көрсету.
Пән аралық байланыс: Музыка,хор класы,дирижерлау,дауыс қою,негізгі аспап,оркестр
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
Амандасу, студенттер назарын сабаққа аудару.
5Т
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
-Музыкалық әуенмен амандасу.
2. ансамбль туралы түсінік беру. ансамблде үндесе ойнау мақсаты мен міндеттері
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>