ін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі.
Ән баламен ойын - сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде, билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі.
Музыкалық - дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс - әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі.
Музыкалық оқу іс - әрекеттерінде музыкалық - дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану - музыканы сипатына, көңіл - күйіне, динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата - аналармен бірге қатыстырудың мәні зор.
Бұл баланың өзіне - өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын шыңдайды.
Музыкалық - ырғақты қимылдарды орындауда, би билеуде музыкалық аспаптарды қолдану музыканың ырғағын, динамикалық үнін, екпінін ажыратуға үйретіп, орындаушылық шеберліктерін шыңдайды.
Мерекелік ертеңгіліктердің, ойын - сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.
Қазіргі оқу - тәрбие жұмысын жан - жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс - салтына, әдет - ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиет пен мәдениетке, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби - музыкалық кештер өткізу де бала санасында із қалдырады. Жақсыға, әдем
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>