Доклад Тақырыбы: Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

МҚКК 11 сәбилер бақшасы








Доклад
Тақырыбы: Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы











Павлодар 2016 жыл
Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі. Балабақшада музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері: ән сабағы, баланың жеке музыкамен шұғылдануы, баланың күнделікті өмірдегі музыканың орны,
мерекелік ертеңгіліктер т. б.
Балаға музыкалық тәрбие берудегі мақсатымыз бен міндетіміз:
- Музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін қалыптастыру және дамыту;
- Би билеу және ән салу дағдыларына үйрету;
- Музыкалық қабылдауын, таныс шығармаларды әуенінен тану және есте сақтауын дамыту;
- Музыкалық танымын кеңейту, машығын дамытуға жағдай жасау;
- Музыкалық әрекеттің барлық түрі бойынша белсенділікті дамыту.
Сол себепті, музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет.
Музыкалық оқу іс - әрекетінің музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй, халық әуендерін, басқа ұлттық шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет.
Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: