Дүниежүзілік халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік сауда

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10  >  >>

ризм үлесiне дүниежүзiлік жалпы iшкi өнiмнің 1/10-i тиесілі. Одан жылына З трлн-нан астам табыс түседi. Кариб алабындағы елдердің ұлттық экономикасының 1/3-iн, Испания экономикасының 1/5-iн осы туризмнен түскен табыс құрайды. Дүниежүзiндегi еңбекке тартылған адамдардың 1/10-i туризм саласында еңбек етедi. Дүниежүзiнде туристiк аймақтардың бiрнеше түрі қалыптасқан. Олар: Жерорта теңiзi жағалауындағы шипажайлар, Калифорния, Флорида түбектерi, Мексиканың теңiз жағалауы (Акапулько шипажайы, т. б. ), Бразилияның оңтүстiк жағалауы (Рио-де-Жанейро өңiрi), Қызыл теңiз жағалауы (Акаба шығанағы), Таиланд, т. 6. жатады (4-диаграмма). Пiр тұтып, құлшылық ететiн, қасиеттi жерге барып тәу ететiн дiни бағыттағы туризм ислам және будда дiндерiнде басым байқалады. Дүниежүзiнде туристердi ең көп қабылдайтын елдер: Франция, АҚШ, Италия және Испания, Қытай. Шетелдiк туристердi қабылдауда дамушы елдер 4-диаграмма. Халықаралық 1/5 үлестi құрайды. Ал Францияға жылына орта туризмнің басты аймақтарының үлесi есеппен 75 млн шетелдiк туристер келіп кетедi. Дүние бөліктерiнде халықаралық туризм едәуiр дамығанымен туристердің басым бөлігi (56) Еуропа елдерiне келедi. Қазақстанда Орталықтың (Мескеудің) жүргiзiп келген туризм саясаты салдарынан елімiз оқшау қалып келдi. 1990 жылға дейiн туристiк iс-әрекеттер КСРО-ның Кавказ, Қырым түбегi, Балтық теңiзi жағалауында және Орталық Азия (негiзінен, Өзбекстан) елдерi мен Ресейдің тарихи орталықтарымен шектелдi. Қазiргi кезде халықаралық туризмде туристер ежелден "тапталып" бiткен туристiк аймақтарға қарағанда жаңа жерлермен, елдермен танысқысы келетiнін бiлдiріп отыр. Осыған орай тұрақты дамып келе жатқан Қазақстан аумағы шетелдік туристердi қабылдауға толық мүмкіндiгi бар. Елімiзде оларды қызықтыратын және олардың келетiн Іле Алатауы, Солтүстiк

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: