Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі - достық
Ежелден ата-бабаларымыз көршілес елдермен аралас-құралас болған, достық қарым-қатынаста болуды мақсат еткен. Бүгінгі таңда, Қазақстанымызда әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті, достық пен өмір сүруде. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық - бірде бар, бірде жоқ. Сондықтан өсіп келе жатқан жастарымызға ұлттық рухта тәрбие бере отырып, өз халқын сүюді, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу керекпіз. Тәрбиелей отырып өзге ұлттардың тарихын. Ұлттық дәстүрін, өнері мен мәдениетін әсіресе тілін білу өте қажет.
Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: "Доссыз өмір - тұл", "Доссыз өмір - тұссыз ас", "Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады", "Досы жақсының, өзі де жақсы", "Дүниеде адамның жалғыз қалғаны -- өлгені, қайғының бәрі соның басында". Достыққа қарама-қарсы ұғым -- қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу -- өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Адамдар арасындағы достыққа келер болсақ, ол өзара адамдардың бір-біріне қалтқысыз сенуі арқылы ортақ қөзқараста болатын қасиеті.
"Дос"-үнемі қасыңнан табылатын, қиындықта көмек қолын созатын жан.
Достық деген сезім - сені шынайылыққа, адалдыққа, Алланың ақ жолынан адаспай жүруге үндейді, бойыңдағы көреалмаушылық, жауыздық, қастандық деген сезімдерің сөніп, оның орнына
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>