Сабақтың тақырыбы: "Дәнекерлеу кезінде пайда болған
акауларды анықтау және қалпына келтіру"
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Тәрбиелік:
Дамытушылық:
Сабақтың түрі:
Оқушыларға дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда болатын ақауларды түсіндіру және оларды болдырмау, жою жолдарын түсіндіру.
Дәнекерлеу жұмыстарын ұқыпты, сапалы; уақытында орындауға үйрету және мамандығына деген талпыныс деңгейін арттыру.
Оқушылардың теориядан алған білімдерін практика жүзінде алдыңғы деңгейге көтеру.
Өндірістік сабақ (түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап)
Сабақтың әдісі: Топтық оқу әдісі. Өз бетіншежұмыс
істеуге ұйымдастыру
Сабақтың оқу-құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта, кесте,
оқулықтар
Сабақтың өтілетін орны: дәнекерлеу шеберханасы
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Оқушылардың жұмыс киімдерін тексеру
Оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау
Өткен сабақты сұрау арқылы окушы білімін тексеру.
Жіңішке білікше алуда жік ені қалай есептеледі?
Жіктер ұзындықтарына қарай қанша түрге бөлінеді?
Жік қимасына қарай жіктер қанша түрге бөлінеді?
Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіру
Дәнекерлеу жіктеріндегі ақаулар дегеніміз - сызбалар талабы мен техникалық жағдайлардан әртүрлі ауытқулар барысында дәнекерлеу жалғауларының сапасының нашарлауы: оның механикалық қасиеті, жайылып түсуі, тығыздығы тағы басқалар. Ақаулардың пайда болу жолдары, негізінен металдың жақсы дәнекерленбеуі, дәнекерленгіш қасиетінің төмендігі.
Электрод сапасының төмендігі, электрод жабындысының сапасыздығы, әдістерді дұрыс қолданбау және дәнекерлеу режимін дұрыс таңдамау, дәнекерлеушінің тәжірибесінің аздығы.
Дәнекерлеу өндірісінде ақаулардың төме
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>