өлшеміне байланысты болады.
Күйдіріп тесіп алу (прожог) дәнекерлеу жіктерінде толық тесік күйінде кездесетін ақаулар. Оның себептері жоғары доға күші, дәнекерлеу жылдамдығының бір қалыпты еместігі, ток көзінің тоқтап қалуы, дәнекерленетін элементтер араларының тесіктерінің үлкендігі.
Ішкі ақаулар
Бұларға кеуекшелер, қож қалдықтарының қалып кетуі, толық дәнекерленбеушілік, толық балқымау, сызаттар.
Кеуекшелер негізінен дәнекерленетін металл бетінің тазаланбаунан, ылғалданған электродтан, қорғаушы газдар, ортасында дәнекерлеуде жіктердің жеткіліксіз қорғалуынан. Дәнекерлеу жылдамдығының жылдам орындалуы және доға ұзындығының көптігі.
Қож қосындылыры
Металдағы дәнекерлеу жіктерінде кішігірім көлемде металл емес заттардың жиналуы. Бұл ақау негізінен электродтың сапасыз дайындалғандығынан, электрод маркасының сай келмегендігінен, электрод жабындысының жұқалығынан.
Толық пісірілмеу
Толық пісірілмеу-бұл ақау дәнекерлер жалғауларының төменгі қабатында бір шеті толық балқымай немесе кемдеу балқып қалуы.
Сызаттар
Сызаттар - бұл ақау дәнекерлер жалғауларының бұзылып жарылуы. Ақаулардың пайда болуы шыңдалған болаттарды дәнекерлерде суыту жылдамдығының жоғарылығы. Шындалған болатты жоғары шындалған болат электрод сымдарымен дәнекерлеу, дәнекерленетін металдар арасындағы ашық жердің жоқтығы. Ауадағы төменгі температура дәнекерлеу жұмысын жүргізу.
Ақауларды түзету жолдары
Сыртқы ақауларды жою жону арқылы ақау шетіне жайлап көтерілу түрінде орындалады. Кей жағдайда ақау орнының кері жағынан негізгі металл бетімен бірдей етіп дәнекерлеу жүргізіледі.
Ақау орнын тазалап жоюда жою орнының ұзындығы ақау ұзындығымен тең болу керек, тек 10-20мм ұзындықта екі жағынан қосымша алыну керек. Ал ақауда жою ені ақау енінен артық алынбау ке
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>