Тақырыбы: Дәмді тамақ
Сынып: 5 "б" сынып
Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру
Дамытушылық: Алған білімдерін саралау, толықтыру. Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлауын, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыра отырып, оған деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, карточкалар, суреттер
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мақал мәтелдерді жатқа сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ: сөздікпен жұмыс
Көңіл бөлу - уделять внимание
күш-қуат - сила-мощь
дұшпан - враг
дәрумен - витамины
тұшпара - пельмени
палау - плов
көкөніс - овощи
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
Қазақ халқында ас ішуге үлкен көңіл бөлінеді. Ас адамдарға күш-қуат береді. "Таңғы асты тастама, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты дұшпаныңа бер" деген ұғым денсаулыққа байланысты айтылса керек. Қазақтың ет, сүт, тағамдарында дәрумен көп болады.
Менің анам тамақты жақсы дайындайды. Ол кісі біздің сүйікті асымызды жақсы біледі. Сондықтан әр күні әртүрлі тамақ пісіреді. Біздің отбасымыз бесбармақ, тұшпара, палау және көкөніс салаттарын жақсы көреді.
2- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер
1. Қазақ халқында неге үлкен көңіл бөлінеді?
2. Ас адамдарға не береді?
3. Қандай ұғым денсаулыққа байланысты айтылды?
4. Қазақтың ет, сүт тағамдарында не көп болады?
5. Анам тамақты қалай дайындайды?
6. Біздің отбасымыз нені жақсы көреді?
3- тапсырма. Лупаның көмегімен қапта жасырынған жануарларды көріп
Страницы: 1 | 2 > >>