Дәлдіктің ғылымы -сызу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Дәлдіктің ғылымы - сызу

Сабақтың мақсаты: оқушының ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.
Сызу пәні сұрақтарына теориялық тұрғыда мәдени түрде, сауатты түрде жауап беру.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, осы кеш арқылы шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізіп дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Пәнаралық байланыс: математика, психология.
1. Ұйымдастыру
Кештің барысы:
- Бүгінгі таңда оқушы біліміне қойылатын талап өте жоғары. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін бағдарлама бойынша тиісті білімді алып қарап отыру жеткіліксіз. Оқушы ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелендіруде, білімдерін нығайтуда осындай кештер, сайыстардың атқарар ролі зор. Сызу пәнінде әдістемелік оқытудың ең бастысы - фронталь жұмыстан басқа жеке тапсырмамен жұмыс істеу және ой кеңістігін кеңейту.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Назарларыңызға "Үшбұрыштар" мен "Төртбұрыштар" тобының қатысуымен өткізгелі отырған сызу пәні кешін ұсынбақпыз. Ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып қайтуларыңызға тілектеспіз. Онда біз мақсатымызға жеткеніміз.

Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау.
Сәт сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді
Қалмаңыздар жасқанып,- дей келе, ортадағы әр топқа өздерін таныстыруына уақыт берелік.
2. Топтардың таныстыруы.
"Үшбұрышар":
Мен үшбұрышпын,
Ылғи үштен тұратын.
Үш қабырға үш төбе
Үшбұрыш болар құрамым.
Жете алмайтын нүктеге,
Менімен жетті олар
Көп сөйлемей ініме
Сөз бергенім жөн болар.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: