3 тақырып. Діннің негізгі формалары мен географиясы. 
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
 1. Оқушыларға діннің негізгі формаларының құрылымы, функциялары мен рөлі, таралу аймақтары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру және олардың білімі мен біліктілігін арттыру. 
 2. Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлау және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету . 
 3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық тәрбие беру, саяси-мәдениетке баулу. 
Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру. Сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру. Модульдік сабақ. 
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т. б. 
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы. Топтық жұмыс. 
Әдісі: интерактивті оқыту әдісі. 
Сабақ барысы: Топқа бөлу (түрлі түсті қағаздарды алу әдісімен). (Алға. Дарын. Ұшқыр. )(Үш топ)( 2минут)
I. Ұйымдастыру кезеңі. 
II. Жаңа материалды түсіндіру. 
 Топтық жұмыс 15 минут)
 І топқа Ислам туралы постер құрастыру. 
 Ислам әлемдік 3 діннің соңғысы болып есептеледі. Милади жыл санауы бойынша 610 жылы Аллаһтың елшісі және пайғамбарымыз Мұхаммедке (с. а. с. ) Аллаһ тағала қасиетті Құран кітабын түсірген Араб жарты аралында (Джазирату-л-араб), Хиджаз аймағындағы жақын шығыс жерінің бозғылт тартқан құмды жерінен бастау алған. Қазіргі кезде жер шарындағы барлық тұрғындардың 1 млрд. 300 млн. астамы Ислам дінін ұстанады. Қасиетті кітабы - Құран. Бүгінгі күні Европа, Азия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия құрлықтарында кеңінен тараған ақиқат діні - Ислам. 
ІІ топқа презентация жасау. (Интернет арқылы. )Христиан діні. Римдік католиктік ші
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
