Діни ұйымдардың Қазақстанның ішкі тұрақтылығына әсері

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

қ ислам елдерінің ұлттық сана – сезімін, ұлттық идеологиясына өз ықпалын тигізбей қоймас деген ой туындайды.

Бірінші топқа 6 мин уақыт (регламент). Қарсы жауапқа 5 мин. (Жалпы 25 мин беріледі). Төреші (судья) сөздеріне мән беріп, әділ бағалауыңызды сұраймыз.
(Екі топ қарсыласады)

Жүргізуші. Жалпы, дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты – халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып, оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу болып табылады. Кез келген адамды халықтың, не болмаса қандай да бір ұйымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, тұлға ұйымның ортасына түскен кезде сол ұйымның ықпалына бейімделгіш келетіні белгілі. Тұлға ұйымның арасында қалған сәттен бастап бұрынғы табиғи қалпынан өзгеріп, мүлде басқаша ойлай бастайды, сол ұйымға тән іс-әрекеттерді жасайтын болады.
2- Жүргізуші. Соңғы кездері бұрын-соңды атын естімеген дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюі осының дәлелі. Бақытты өмір қандай болатыны жөнінде түрлі-түсті етіп безендірілген кітаптарды тарататын адамдар пайда болды. Тіпті тыңдауға уақытың жоқтығын айтсаң да артыңнан қалмай діни брошюраларды ұсынып, өмір туралы өз қағидаларын судырата жөнеледі. Жат ағымдардың құрығына жастар жағы жылдам түсіп жатыр. Олар жастар санасын тек қана уландырып қана қоймай, сонымен бірге өз қатарларына адамдар жинауда, өздеріне пайда әкелетін істермен де айналасуда жастарды пайдаланады.
2- Жүргізуші: Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндердің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: