Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК
БЕКІТЕМІН
Директордың әлеуметтік және
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Б. Ж. Бахтиярова
«» 2017 ж.
Диспут тақырыбы: «Діни ұйымдардың Қазақстанның ішкі тұрақтылығына әсері»
Дайындаған: Исмагилова П. Е.
2016-2017 оқу жылы
Өтетін күні: 25. 01. 2017
Өтетін орны: 510 аудитория
Қатысушылар: 1 және 2 курс тобының студенттері
Мақсаты: Берілген тақырыптың мәнін ашу. Студенттердің қоғам алдында емін – еркін сөйлеу мәнерін жетілдіру. Діни ұйымдардың Қазақстанның ішкі тұрақтылығына әсерінің қандай екендігіне пікріталастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мінбер, дайыс жинау қорапшалары (қызыл және көк)
Әдістері: Түсіндірме, сұрақ-жауап,пікірталас, пікір алмасу
Қарастырылатын тақырып: Діни ұйымдардың Қазақстанның ішкі тұрақтылығына әсері
Барысы:
Пікірталаста төреші: 2 негізгі Есеп тобының студенті Аметова Диляра
(Жүргізушілер ортаға шығады, интерактивті тақтада презентация көрсетіледі)
1- Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар және студенттер!
2- Жүргізуші: Бүгінгі пікір сайыс турниріне қош келдіңіздер!
1- Жүргізуші: Алдымен бүгінгі пікірталастың барысымен таныс болыныздар: Тандалған тақырып ішінен жеребе арқылы үкімет және оппозиция жағын таңдайсыздар. Екі фракция спикерлері пікір таластырады. Жақтаушы және даттаушы жақ.
1- Жүргізуші: Енді сіздерге кезек берсек. Қазір екі топ капитандарын жақтау және даттау үшін жеребе таңдауға шақырамыз. (Әрбір топта 2 студенттен)
(Топ капитандары жеребе таңдайды)
1- Жүргізуші: Таңдалған жеребе бойынша дайындалып отыруларыңызға 10 мин уақыт беріледі. Сіздер ойларыңызды жинақтағанша көрермендерге жалпы мағлұматтар беріп
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>