атып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта,принтер, тышқан, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар - адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті - процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
Жүйелік блок - мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейне тақташа, дыбыс тақташасы мен т. б. бар.
Процессор компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің "миы". Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына - микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған "пентиум" процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процессор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады.
Жедел жад - бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) - ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) - ақпартты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы - принтер, диспей, графопроектор.
Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық - сәулелі түтікшеден қорект
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>