Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  56 | 57 | 58 | 59 | 60  >  >>

ъектілері мен халықтың жарна есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарнаның мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастардың қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық нарығы - ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу - сату объектісі "ерекше тауар" - сақтық қызмет болып табылады, оған деген ұсыным мен сұраным қалыптастырылады.
Сақтық қорлары - қоғамның ұлттық шаруашылығы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлар
жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтандырушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға шартта белгіленген саланың (сақтық) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
ҚР Азамат кодексіне байланысты сақтандырудың нысандары бойынша бөлінеді:
1) Міндеттілік дәрежесі бойынша:
Ерікті (тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылады);
Міндетті (заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылады);
2) Сақтандыру объект бойынша: жеке, мүліктік.
3) Сақтық өтемді жүзеге асыру негізі бойынша: жинақтаушы, жинақтаушы емес.
Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты ҚР заңдарының талаптарына сай уәкілетті органдардың лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет. Сақтық қызметті ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға, түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымдардың сақтандыру қызметі "өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге

Страницы: <<  <  56 | 57 | 58 | 59 | 60  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: