ілі бір уақытқа байланысты бөліп төлеу.
Пайдаланылған әдебиеттер: 2,3,9,12,21,22.
3 ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
9. 1. Мемлекеттік бюджет экономикалық мәні және рөлі
Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік ақша қорлары құрылады. Бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларының жүзеге асырудың қаржылық негізі болып табылады. Мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыру үшін бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін шоғырландырады. Мемлекеттік бюджет басқа экономикалық категория сияқты өндірістік қатынастарды өндіреді. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіретін қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үрдісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістік қатынастарының арасында пайда болатын экономикалық қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет мынадай белгімен сипатталады:
1. Мемлекет пен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалануға байланысты бөлгіштік қатынастар.
2. Құнды жасау және оны тұтыну үрдісін қолдану кезінде шаруашылық салалары аумақтар экономикалық секторда қоғамдық қызметтердің арасында құнды қайта бөлу.
3. Қоғамдық өнімнің, тауарлардың нысанындағы қозғалыстарын, яғни құнының бөлінісі негізінде қаржы қатынастарын материалдық өндірісте және материалдық емес өндірісте қолдану.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындауы. Бұл функциялардың іс-қимылы мазмұны жағынан мәні мен маңызы жағынан бюджеттік қатынастардың айырмашылықтарымен белгіл
Страницы: << < 45 | 46 | 47 | 48 | 49 > >>