Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  42 | 43 | 44 | 45 | 46  >  >>

кедендік төлемдер.
3) меншікке салынатын салық: мүлікке салынатын салық, көлік құралына салынатын салық, жер салығы.
4) нақты салықтар.
Салық төлеушінің құқықтары:
1. Қолданып жүрген салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы салық заңдарындағы өзгертулер туралы салық қызмет органдарынан ақпарат алуға құқылы.
2. Салық бақылауы нәтижелерін алуға құқылы.
3. Салық салуға қатысы жоқ ақпараттар мен құжаттар табыс етпеуге құқылы.
4. Салық бақылауы нәтижелері бойынша салықтарды есептеу мен төлеу жөніндегі есептемені салық қызметі органдарына табыс етуге құқылы.
5. Салық құпиясының сақталуын талап етуге құқылы.
Салық төлеушінің міндеттері:
1. Салық міндеттерін дер кезінде толық көлемде орындауға;
2. Нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдардың салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беруге;
3. Салық есептемелерін құжаттарды мемлекеттік бақылау мәселелерін реттейтін ақпарат пен құжаттарды табыс етуге;
4. Қолма-қол ақшамен, төлемдік банк карточкаларымен, чектермен сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылар мен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жады бар бақылау касса машиналарын міндетті түрде пайдалануға және тұтынушылардың қолына бақылау чегін бере отырып, жүргізуге міндетті.
Салық қызметі органдарының құқығы:
1. Салық кодексінде көзделген немесе белгіленген тәртіппен салық бақылауын жүзеге асыруға құқылы;
2. Салық төлеушінің ақша құжаттарына бухгалтерлік кітаптарына, сметаларына, ақшасының бар-жоғына, бағалы қағаздарына, декларацияларына және салық міндеттерін орындауға байланысты басқада құжаттарына ҚР-ң заң актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргізуге

Страницы: <<  <  42 | 43 | 44 | 45 | 46  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: