Денсаулық - зор байлық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Ботақан» тобында ұйымдастырылған танымдық оқу іс-әрекетінің қызметінің картасы
Білім беру саласы: Денсаулық
Тақырыбы: «Денсаулық - зор байлық»
Мақсаты: Денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту,Отанын, жерін қорғауды түсіндіру, дене мүшелері туралы түсінік беру, тазалаққа үйрету, мейірімділікке, ұқыптылыққа үйрету т. б.
Армысың алтын күн!
Армысың Жер ана!
Армысыздар қонақтар!
Армысыңдар достарым!
Аман болсын халқымыз,
Заман болсын ең тыныш!
Аман болсын аналар!
Жылдың қазір қай мезгілі?
- Күз неше ай қонақта болады?
-Күз айларын ата?
- Мына суреттерге қарап күзгі ерекшеліктерді атаңдар және суреттегі балаларға есімдер қойып олардың іс-әрекетін талдаңдар:

Адайбек пен Нұржайнат саябаққа барып күзгі жапырақтарды теріп жүр. Олар алма теріп жүрген кірпіні көріп қызықтауда. Ал, кірпі өз азығы алманы жинап бара жатыр. Саябақ іші алтын түске еніпті, талдарда күз түскенге мәз мейрам болып тұр, себебі олардың да демалатын уақыты келді. Талдар қыс бойы ұйықтап, көктемде қайта оянады. Күз мезгілі. Тышқан мен кірпі жылы киініп алған. Кірпі саңырауқұлақ теріп келе жатыр. Алдынан тышқан досы кездесті. Тышқанның қолында қолшатыры бар, себебі күн бұлттанып жаңбыр жауғалы тұр. Жәндіктер де жанбырдан сақтану үшін талдың ығына қарай кетіп бара жатырКүз мезгілі бейнеленген. Балалар жеміс бағында алма жинап жүр. Әліби алма ағашынан алманы үзіп Назеркеге беріп жатыр. Ал, Назерке оны алып Әлиханға беруде. Ал Әлихан болса Жамилаға тасып беруде. Жамила алманы жәшікке салып жинап жатыр. Арғы бетте басқа да балалар жемістерді жинап жатыр. Жиналған өнімді дүкенге жібереді. Дүкеннен тұтынушылар сатып алады.
Тәрбиеші: Балалар Салауат ат

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: