ндер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.
(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Оқушы: Бірдей емес жұрт барлық,
Бірі - толық, бірі - арық.
Байланысты ол талғамға,
Қоректенер тағамға.
Алуан түрлі азық бар,
Ет, май, сүт пен балықтар.
Көкөністер, жемістер,
Дәрумендер, жидектер.
Оқушы: Ас - адамның арқауы
Деген сөз бар ежелден.
Бойға сіңіп, тарқауы,
Үшін керек ереже.
Тамақты ішкің күнде сен,
Белгілі бір мезгілде.
Таңертең, түс, түстен соң,
Жатар алды кезінде.
Оқушы. Тойып ішсен қаншама
Ауырасын соншама
Асқазанды бүлдірсең
Жазылмас қанша күн жүресің.
Оқушы: Витаминдер - тірегін,
А,В,С,Д,Е - деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
А - сы қажет көзіне,
В - жүйкені тоғайтар.
С - дан микроб безінер,
Д - сүйекті нығайтар.
ЖАРНАМА
1. Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор,себебі оның құрамындағысүт- табиғи өнім. Газды сусын сатып ішкенсе, орсы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.
2. Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Сағыз, чипсылерді сатып алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
3. Бұл "Т АЗАЛЫҚ"деген сабын. Жібек жолы ауылында шығарылады. Бұл сабын денедегі әртүрлі микробтарды жояды. Бетті, қолды шаңнан тазалайды.
Журналымыздың 6 беті: " Жан сұлулығы"
Өйткені, жаныңның сұлулығы деніңе саулық, тәніңе сымбаттылық береді. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы жан сұлулығы жайында кім не айтады?
Жақсылық айтып басқаға,
Ортаға ойды салғайсың.
Тек мақтанба, жасқанба,
Сұлу жанды болғайсың.
жан сезімнің - өзіңнің
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>