үр, әсіресе үй ішінде щаң көтеруші болма.
7-оқушы: Тұла -- бойыңды, мойыныңды, көкірегіңді, арқаңды, күнде салқын сумен жуып тұр. Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
8-оқушы: Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен-жеген сайын және де ертеңді -- кеш аузыңды тазалап шайқа. Таза ауада көбірек жүр, қимылда (ойна, жүгір).
Бәрі: Мұның бәрі дененің саулығы үшін керек.
Тыңдайық-ойланайық.
Ұлықпан Хәкімнің өсиетіне назар аударайық. Денсаулықтың жақсы болуы дегеніміз -- ұзақ өмір сүру. Біздің бәріміздің де ұзақ өмір сүргіміз келеді.
Жетеліге жеті өсиет -- аңыз. Ұлықпан Хәкім ерекше дарынды, зерек данышпан адам болған. Қандай кесел болмасын емдеп жазады екен. Күндердің күнінде сол Ұлықпан Хәкім қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Шәкірттері жиналып, емдеуге кіріседі.
Ұлықпан оларға:
-- Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре болмаңдар! Мен көз жұмғаннан соң қайғырмаңдар. Сендерге қалдырар жеті өсиетім бар. Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер,- депті.
Балалар, осы 7 өсиетті орындау міндеттерің, сонда сендер еліміздің ішкі, сыртқы жауларынан қорғайтын дені сау, саналы, толыққанды адам болып өсесіңдер.
Ұлықпан Хәкімнің 7 өсиеті:
Біріншісі - ерте тұру.
Екіншісі - орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі - дене шынықтыру.
Төртіншісі - дене тазалығы.
Бесіншісі - сергектік.
Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі - көп ұйықтамау.
Қорытынды:
-- Оқушылар, осы сабағымызды қорытындылай келе, сендердің ойларыңды тыңдай отырып, "Дені саудың - жаны сау" екенін түсініп, оны бағалай біледі деп ойлаймын. Спортпен айналысып, тазалықты сақтап, жаман әдеттен аулақ болып, бір - бірімізге жақсы көңіл - күй, күлкі сыйлап, шаттық сыйлап жүре берейік. Жақсы,
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>