Дені саудың - жаны сау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
19 арнайы жалпы білім беру мектебі
жаратылыстану пәнінің мұғалімі
Тулегенова Назида Кабдрахмановна


Тақырыбы: "Дені саудың - жаны сау".
Сайыс.
Сабақтың мақсаты: Денсаулық - адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсініп, оны бағалай білуге үйрету.
Оқушылардың салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету.
Ой -- өрістерін шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шаттық шеңбері
Қош келдіңіз, қонақтар!
Бізге келсек. . .
Сабақтан біз сабақтан қалмаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз,
Айтқан ақылды ойға түйіп,
Денсаулықты сақтаймыз:
-- Ендеше, оқушылар және біздің құрметті қонақтар! Біздің мына өлең жолдарынан сабағымыз денсаулық туралы болатынын байқады деп ойлаймын. Ал, оқушылар тақырыбымыз ""Дені саудың - жаны сау" деп аталады және бұл сабақтан біз денсаулық туралы әңгімелесіп, мақал -- мәтел айтып, өз ойымызды қосамыз. Денсаулықты бағалап, сақтай білуге үйренеміз. Сабағымыздың дәйек сөзі "Тәуелсіз ел тірегі -- дені сау санасы уланбаған, саналы ұрпақ".
Қызығушылығын ояту
-- Балалар, қалай ойлайсыңдар, адамның көңілді болуы неге байланысты? (оқушылар жауап береді)
Дені сау адамның көңілі шат, ол -- бақытты. Денсаулық -- зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады.
Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? (Сызба көрсетіледі, сызбадағы қажеттіліктерді оқушыларға оқыту арқылы әрбір топ өз ойларын ортаға салады. )

Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады. Сондықтан 2 топқа бөлініп отырайық.
1-топ "Шымыр"
2-топ &q

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: