гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгереді.
Гигиеналық шараларды орындау ретін біледі.
Гигиеналық шараларды өздігінен орындауға ынта білдіреді.
Дене шынықтыру
Жүгіру, өрмелеу және секіруде алғашқы дағдыларды меңгереді.
Өмірлік маңызды қимылдарды өздігінен орындайды.
Негізгі қимылдарды орындауда шығармашылық тәсіл білдіреді.
Өздігінен қозғалу белсенділігі
Кейбір қимылдарды ересектердің көрсетуімен орындайды.
Саптық және спорттық жаттығуларды меңгереді.
Топтағы балалармен бірге қимыл- қозғалыс ойын іс- әрекеттерін ұйымдастырады.
Салауатты өмір салты
Қауіпті жағдайда сақтық, шынықтыру шараларын өткізуде оң эмоция білдіреді.
Салауатты өмір салы ережелерін біледі. Ересектердің көрсетуімен шынықтыру элементтерін орындайды.
Қауіпсіздік ережелерін саналы түрде орындайдышынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді.
" Денсаулық" білім беру саласының мақсаты: өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту, физикалық қасиеттерін қалыптастыру. " Денсаулық" білім саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде.
oo Дене шынықтыру іс-әрекеті
oo Валеологияда жүзеге асырылады.
11. 8. "Денсаулық" білім беру саласында педагогикалық процеске қойылатын талаптар.
Ерте жас ( 1 жастан 3 жасқа дейін)
- Балалардың өз бетімен қимыл-қозғалыс іс - әрекеттеріне жағдай жасауды қарастырады.
- Балабақшада баланың дене бітімі мен психикасын, қолайлы сезінуін қамтамасыз етеді.
- Моторика, қозғалыс іс- әрекетінің түрлі қимылдарын дамытуды қамтамасыз етеді.
- Қимыл ойындары мен дене шынықтыруларын ұйымдастыруды көздейді.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>