Денелер. Заттар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ тақырыбы: Денелер. Заттар
Сабақтың мақсаты:1) Оқушыларға өзімізді қоршаған денелер туралы білім беру;
2)ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту,дүниетанымдарын кеңейту,
3)тәртіптілікке,зеректілікке, топ болып жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Табиғи және жасанды денелермен олардың құрамы туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: интербелсенді тақта, салыстыру, талдау, сұрақ - жауап
Көрнекілік: суреттер, кесте, карточка жүйесінен жасалған сызба,денелер , заттар,жасанды денелер,қатты,сұйық,газ тәріздес заттар.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық
Жүрекке жылу сыйлайық,
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық

Табиғат- біздің анамыз
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалаймыз.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
- Демек, бүгінгі сабақта табиғат туралы әңгімелесеміз. Табиғат дегеніміз не?
Тақтаға назар аудару. Суретке қарап не айтуға болады? Осы суреттердің қайсысы артық? Бұлт
Неге? Өйткені ол жансыз табиғат. Сонымен жанды, жансыз табиғат дегеніміз не екен?
2. Үй жұмысын тексеру.
Жұмбақтар жасыру
Шөмiшi жоқ,
Теңiздi сапырады.
Кебiсi жоқ,
Егiндi жапырады. (Дауыл)
Көзіңе көрінбейді,
Қолыңа ілінбейді.
Бірақта құлағыңа
Ұдайы күбірлейді. (жел)
Аспанды от қамшы осады,
Ащы үнiн ышқынып қосады. (Найзағай)
Жаңбыр жуды жерiмдi,
Көкте өрмек керiлдi. (Кемпiрқосақ)
Көшiп жүрiп желменен,
Сеуiп шықты тамшысын,
Қыраттарға шөлдеген. (Бұлт)
Көктемде
Дүр сiлкiндi өзен ағынды.
Деп-демде
Шытынап шыны

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: