Алматы облысы, Талдықорған қаласы
Ш. Уәлиханов атындағы 10 орта мектеп гимназияның психологы
Ыдырысова Арайлым Қайдарқызы
Сабақтың тақырыбы:
"Дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, қимыл қозғалысқа арналған жаттығулар".
Сабақтың мақсаты: Оқушыны шаршатпау, ауырлық түсірмеу мақсатында қимыл-қозғалыс жаттығуларын қайталау, қол - аяқ қимылдарын дамыту. қалыптастыру.
Міндеттері: - Қимыл-қозғалыстың маңызы туралы түсіндіру.
- Аяқ-қол қимылдарын дамыту.
- Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ойын бөлмесіндегі спорттық құрал- жабдықтар.
Сабақтың түрі: қайталау, қозғалыс сабағы
Сабақтың әдісі: қайталау, қозғалыс ритмдерін көрсету, бақылау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушымен сәлемдесу.
2. Оқушыны сабаққа даярлау, көңіл-күйін көтеру.
ІІ Үй тапсырмасын қайталау
ІІ Негізгі бөлім
1. Секірме , тартпа жіп арқылы қол - аяқ қимылдарын қайталау.
2. Күнделікті қимыл-қозғалыс жаттығуларын ретке келтіру
3. "Ақ мамам" әнін қайталау.
ІV Қорытынды бөлім "Кім жылдам ?"
Мақсаты: Бала назарын дамыту. Іс- әрекеттің автоматты түрде орындалуына, баланың нақты назар аудара білуіне үйретеді .
Сөз беріледі. Мысалы: Қанағаттанарлық. Бала осының ішінде жиі кездесетін әріпті мысалы: А-ны 1 сін сызып, 2 - сін домалақтау, ал 3-сін өшіру керек.
Мәтін
Қазақстан - қазақ халқының туған өлкесі, кіндік қаны тамған жері.
Әр қазақ өзінің қазақ болғанына бала жасынан мақтануы керек. Қазақстанның болашағы жастардың ғана қолында.
Үйге тапсырма: Қимыл-қозғалыс жаттығуларын қайталау.
Алматы облысы, Талдықорған қаласы
Ш. Уәлиханов атындағы 10 орта мектеп гимназияның псих
Страницы: 1 | 2 > >>