Әдебиеттік оқу. Қазақ батырлары

Страницы: <<  <  1 | 2

е сүйенген. Қазақ батырлары атты өлеңді жазған Бұқар Жырау атамыз Абылай ханның кеңесшісі, ақылшысы болған.

Бауыржан, Әлия, Мәншүк сынды ұлдарымыз бен қыздарымыз көп болған. Оларға Кеңес Одағының батыры деген атақ берілген. Елін жерін жаудан қорғаған, елі жері үшін қанын төккен батырларымыз.

ІV. Сергіту сәті.
Мақал - мәтел жарысы:
Батыр бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.

Батыр туса - ел ырысы,
Жаңбыр жауса - жер ырысы.

Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.

Батыр майданда шынығады,
Болат қайнауда шынығады.

V. Ой толғаныс.
Ер қаруы - бес қару.

Батырларымыз елді жаудан қорғағанда мына қаруларды қолданған. Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар. Ер азаматтың - бес қаруы сақадай сай болған.
Еліне жау шапқанда жерін елін қорғап қалған.

VІ. Дәптермен жұмыс.
145 - жаттығу.
Жер көгерді. Ағаш гүлдеді. Бақта құстар сайрады. Балалар ойнады. Асылтай мен Еркебұлан гүл терді.
146 - жаттығу.
Үлкен - кіші
алыс - жақын
Кең - тар
жақсы - жаман
Жуан - жіңішке
ақ - қара
Ұзын - қысқа
қалың - жұқа

VІІ. Қорыту.
Аттардың иесін табыңдар.

1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
2. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?
3. Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер тауып атаңдар.
4. Қанша? Неше? Нешінші? Сұрақтарына жауап беретін сөздер тауып атаңдар.

VІІІ. Үйге: "Қазақ батырлары"
ІХ. Бағалау
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығына, белсенділігіне қарай мадақтай отырып бағалау.




Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: