Сабақтың тақырыбы: Қазақ батырлары.
Мақсаты: Оқушыға қазақ батырларының ерлігі туралы мағлұмат беру.
Білімділігі: Өлеңдегі негізгі ойды анықтай білуге, ойын жүйелі түрде баяндай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау, сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Көрнекілігі: Қазақ батырлары, қару - жарақ суреті, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық көңіл - күй.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа қатысты құрал - жабдықтарын даярлату.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
1. Абылай хан кім болған? ( Қазақтың ханы болған).
2. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр).
3. Абылай хан қай жылы дүниеге келген? (1711 жылы).
4. Абылай ханның әкесінің аты кім? Қай жерде билеуші болды? ( Уәли, Түркістанды билеген).
5. Абылай хан кімдермен шайқасқан? (Жоңғарлармен, қалмақтармен).
6. Абылай кімдердің ақылына жүгінген? (Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақылына жүгінген).
Үш бидің басын біріктірген кім?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой шақыру:
- Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батырларымен танысамыз. Батыр деп бір кімдерді атаймыз? Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.
Қазақ батырлары
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай.
Өңкей батыр жиылып,
Абылай салды жарлықты.
Үш жүздің басын қосқан Абылай хан - Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігін
Страницы: 1 | 2 > >>