Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

тақпағы
Жүргізуші:Еркеназ бен Нұрайдың орындауында ақ мамам әнін қабыл алыңыздар.
Ән "Көңілді қуыршақтар" - 0 "Б" сынып
Есік қағылып, залға жалкаубек жүгіріп кіріп, айқай салады.
Жалкаубек . Сәлеметсіңдер ме балалар! Самал жел маған хабар берді. Сендерді мектепке барады дейді. Барасыңдар ма мектепке? Балалар хормен: Иә, барамыз!
Жалқаубек А, барайын деп жүр екенсіңдер ғой. Оқу сендерге неге керек?Мектепке барсаңдар ерте тұру, сабақ оқу керек. Ол неге керек, мен сияқты жүре бермейсіңдер ме, түске дейін ұйықтап.
Жақсыбек Жоқ, сіздікі дұрыс емес. Мектепке бармасақ біз жаза да, оқи да алмас едік. Ертеңгі ел болашағы біздің қолымызда. Елімізді биіктен көру үшін үлес қосуымыз керек.
Жалқаубек Ұқтым, оқу керек екен, сендер мектепке не ұстап барасыңдар?
Балалар: Сөмке.
Жалқаубек Ол сөмкелеріңде не болады? Мысалы, менің сөмкемде не бар, қараңдаршы? (сөмкесінен тас, рогатка, кнопка алып көрсетеді). сендер ақылды екенсіңдер маған жұмбақтың жауабын табуға көмектесіңдерші.

Жұмбақтар:
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама
(Кітап)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қозы)
Қане, бір ойын ойнап жіберейікші.
Ойын: Жалғасын тап:
Оқусыз білім жоқ,
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . (Білімсіз күнің жоқ)
Ақыл азбайды
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . (Білім тозбайды)
Еңбек етсең ерінбей,
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . (Тояды қарның тіленбей)
Көрдің бе, жалқаубек, біздің балалар қандай білімді.
Жалқаубек. Балалар, сендер қандай ақылдысыңдар. Мен сендерге қарап риза болдым. Енді мен де

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: