Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ертеңгілік.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )
- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, "Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !" атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық. (Әр баланың ерекшелігіне тоқтала отырып, оларды ортаға шақыру)
Тобымыздың "Сымбатты да биші арулары" ;Жұлдыз бен Құндыз,Балауса мен Айзере
Тобымыздың шырайлы қызы- Жұмағазы Лейла
Тобымыздың сүйкімді де сүйікті қызы: Еркеназ бен Ақтоты,Айша мен М. Нүрай .
Тобымыздың "Инабатты арулары" Сүлтана мен Н. Нұрай, Айзере мен Інжу.
Тобымыздың білімді де дарынды ұлдары: Мирас, Жақсыбек
Тобымыздың өнерлі де тәртіпті ұлдары: Тимур мен Серікжан, Бексұлтан мен Батыр
Тобымыздың спорт шеберлері: Нұралы мен Қ. Дінмұхамед, Н. Дінмухамед пен Досжан
Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
0 "Б" сыныбының биі.
Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
Балалардың
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>