Дарынды балалармен жұмыс жоспары

Страницы: 1 | 2  >  >>

Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы жұмыс жоспары:
1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу
2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту
3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу
4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т. б. ) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Шаталовтың әдіс-тәсілін пайдалана отырып оқыту
5. Мектепішілік және аудандық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру
6. Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:
- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- пәнге терең қызығушылығын арттыру;
- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;
- білімнің бағасын арттыру;
Ғылыми білімді практикамен теориялық негізде жүзеге асыру.











Дарынды балаларды анықтау мен олармен жұмыс ұйымдастыру
І. Дайындық жұмыстары (кімдер жұмыс істейді)
1. Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау.
2. Мұғалімдерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, дайындықтан өткізу, пікір алмасу шараларын белгілеу.
3. Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер тобына жетекшіні бекіту не тағайындау.
4. Оқушылар дарындылығын анықтау шараларын ұйымдастыру (жарыс, байқау, емтихан, олимпиада, т. с. с)
5. Дарынды оқушылармен жұмыс бұрышын жабдықтау (кабинетін)

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: