Дара және күрделі етістік

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні: 25. 2. 2015
Сыныбы: 2 сынып
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: "Дара және күрделі етістік"
Мақсаты: 1/ Білімділік: Етістік туралы алған білімдерін толықтыру; дара , күрделі етістік туралы білімдерін тиянақтап, бекіту. Өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық, практикалық ойлау және сөйлеу қабілетін жетілдіру.
2/ Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылық,танымдылық қабілеттерін дамыту.
3/ Тәрбиелік: Жаңа технологияны басшылықа ала отырып, білімдерін тиянақтау. Әдептілікке, мейірімділікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу. Сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу.
Қолданылған технология: Дамыта оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты бекіту сабағы. Дамытушылық, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, салыстыру-ажырату, ойын әдісі, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сөзжұмбақтар, ойын
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушыларды сабаққа дайындау.
Қызығушылығын ояту.
Қазақ тілім - өз тілім - ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім ! -деп қазақ тілі сабағын бастаймыз.

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығаруымыз керек.
-Балалар, бүгін көңіл-күйлерің қандай?
-Сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақты шешіп, жасырынып тұрған сөзді ашайық
1. Ең ардақты адам (ана)
2. Ешкі төлі (лақ)
3. Т. Әубәкіров кім? (ғарышкер)
4. Ер қанаты? (ат)

А
Н
А

Л
А
Қ

Ғ
А
Р
Ы
Ш
К
Е
Р
А
Т





-Қандай сөз шықты?

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: