Даналарым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>



Әдебиеттік оқу 3 - сынып
18 - сабақ
Күні: 7. 12. 2015ж
Сабақтың тақырыбы: Даналарым. Т. Әбдірахманова
Сабақтың мақсаты:тарихи тұлғалар жайында түсінік беру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже. Өлеңнің мазмұнын түсіну арқылы негізгі идеясын өз бетімен ашуға жағдай туғызу.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Сыни тұрғыда ойлау арқылы шығармашылық жұмыстарды өз дәрежесінде орындауға мүмкіндіктер жасау.
Тұлғалық нәтиже. Өз елінің мақтаныштарын үлгі тұтуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: "Қазақ даналары" кестесі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй жұмысын "Лездеме сұрақтар" қатары бойынша бақылап шығу.
Ол сұрақтар қатарын оқушыларға үй жұмысы ретінде беруге болады. Мәтінді оқып болған соң қызығушылық танытқан немесе "көршімді ойландырам" деген оймен туған сұрақтар қатарын құрастыруды ұсынуға болады.
I. Қызығушылықты ояту.
- Ьүгінгі үй жұмысына дайындықтарың өте тамаша екен. Нағыз болашақ даналарымыздың қатарын толықтырушы сияқтысыңдар.
Дана сөзінің синонимін атаңдаршы.

-Кімдерді даналар қатарына жатқызар едіңдер?
"Т" кестесін құру арқылы топтар жұмысын ұйымдастыру.
Өлеңді оқып түсіндіру.
Түртіп алу жүйесі.
- мен үшін жаңалық.
? - мен үшін түсініксіз
Ү - мен білемін
? - мен үшін жұмбақ.
Сөздік жұмысы:
Назы көп - араздығы,реніші көп
Ел көшін бағдарлаған тыңға қарай - елді жаңалыққа бастаған деген
мағынада.
Кер көру - қиыншылық көру.
Осының ішінен түсініксіз ұғымдарға талдау жүргізу.
Ал ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың ойы қандай екен, оны "Даналарым"
өлеңінен оқып білейік.



II. Мағынаны тану.
Автор

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: