Қарттар мерекесіне арналған
«Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші!»
атты кеш сценарийі
1
Сценарий мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Сабақтың безендірілуі: 1. Плакатқа жазылған өлең жолдары, мақал-мәтелдер;
2. Фотокөрме «Қариясы бар үй қазына»
3. «Қариясы бар үй қазына» тақырыбындағы эссе көрмесі;
4. Қарттар үйінен видеосюжет.
Фотокөрме мен жазылған эссеге бәйге жарияланады.
Н. Тілендиев «Ата толғауы» күйі ойнап тұрады
1-Жүргізуші: 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 26 жыл толғалы отыр.
Сіздердің құрметтеріңізге 4 «Ә»сынып оқушыларының орындауында ән. ( )
1-Жүргізуші:
«Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған»
1-оқушы: (. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . )
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз асылдарым
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
2-Жүргізуші:
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды мерекелерінізбен шын жүректен құттықтаймыз! (бәрі хормен)
1-Жүргізуші:
береміз.
2-Жүргізуші:
Дүниеге келер
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>